ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНДЫ БІРГЕ ҚҰРАЙЫҚ!

Тәуелсіз елімізде жуық арада өткені отырған референдумды шынымен де қоғамымыздағы жаңарудың жобасы, әрі мемлекетімізді нығайтуға және қоғамды жаңа тың серпінмен дамытуға жол ашады деп қабылдаған орынды болар. Өйткені, барлық заңдардың бастауын Конституциямыздан – Ата Заңымыздан бастау алатынын ескерсек, бұның дұрыс екендігіне әбден көз жеткіземіз.

Жақында Ата Заңымызға енгізілгелі отырған өзгерістерді халыққа кеңінен түсіндіру мақсатында Кәсіподақтар үйінің мәжіліс залында «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Атырау облыстық филиалы атқару кеңесінің отырыс өтті. Салалық кәсіподаққа қарасты 39 бастауыш ұйым жетекшілері мен белсенділері қатысқан жиында облыстық филиал төрағасы Майра Кашкенова жиналған әріптестеріне референдумның еліміздің болашақ «Жаңа Қазақстанның» дамуындағы маңызына, Ата Заң баптарындағы өзгерістерге жан-жақты тоқтала келіп, ел тағдырын айқындайтын 5 маусым күні дауыс беру учаскелеріне келіп, дұрыс тарихи таңдау жасауға шақырды.

Ал, облыстық аурухана ұжымының қатысымен өткен осындай кездесу жиынында аурухана директоры Ербол Иманғалиев, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Рафхат Қанатов және кәсіподақ белсенділері сөйлеп, барша денсаулық сақшыларын референдум күні біркісідей дауыс беруге үндеді.

Осындай мазмұндағы кездесулер Атыраудағы №1, №5 қалалық емханаларда, Дамбы дәрігерлік ауруханасы мен Жылыой аудандық ауруханасы ұжымдарында да ұйымшылдықпен өтті.