Жамбыл облысында денсаулық сақтау саласының мамандары арасында «Өз кәсібінің үздігі» байқауының I (өңірлік) кезеңі өтті.

Бұл конкурсқа өңірдегі меншік нысаны мен ведомстволық тиістілігіне қарамастан, барлық денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлері қатысу мүмкіндігіне ие болды.

Бұл байқау – денсаулық сақтау саласының мамандарын қолдау мен ынталандырудың жарқын үлгісі. Әрбір жеңімпаздың еңбегі – аймақ медицинасының дамуына қосқан зор үлес. Бұл жеңістер алдағы уақытта да медицина саласының сапасын арттыруға септігін тигізері сөзсіз.