Облыстық конкурс «Стационардың үздік дәрігері», «Алғашқы медициналық-санитарлық көмектің үздік дәрігері», «Үздік ауыл дәрігері», шеңберінде 3 номинация бойынша өткізілді.
Байқау 3 – кезеңде, I кезең – «Сәлемдесу. Бейне – презентация», II кезең – «Теориялық білімді бағалау. Тестілеу» және III этап – «Аймақтық симуляциялық орталығында практикалық дағдыларды бағалау» өткізілді.
Жалпы, байқауға конкурстың ережесіне сәйкес мекемелер қатысып, әділ қазы алқалары тарапынан қатысушыларға тиісті бағалары қойылды.
Жалпы 21 үміткер конкурсқа қатысуға өтініш білдірді.
Оның ішінде:
— «Стационардың үздік дәрігері» номинациясы бойынша 10 үміткер,
— «Алғашқы медициналық-санитарлық көмектің үздік дәрігері» номинациясы бойынша 6 үміткер,
— «Үздік ауыл дәрігері» номинациясы бойынша 5 үміткер қатысты.
Конкурсанттардың жауаптарын талқылай келе, комиссия мүшелері келесі ШЕШІМ КАБЫЛДАДЫ:
1. «Стационардың үздік дәрігері» номинациясы бойынша:
1.1. «Ғылыми клиникалық кардиохирургия және трансплантология орталығы» ЖШС-нің дәрігері Розбаев Зафар Насруллаевич барлық қойылған сұрақтарға және ситуациялық тапсырмаларға толығымен жауап беріп, 79,0 балл жинақтап, І-ші орынды иеленіп, республикалық конкурсқа жолдама алды.
1.2. Жамбыл облыстық көп бейінді ауруханасының дәрігері Крылдаков Алмас Асқарұлы 71,3 балл жинақтап, «Стационардың үздік дәрігері» номинациясы бойынша ІІ-ші орын иеленді.
1.3. Жамбыл облыстық көп бейінді ауруханасының дәрігері Тұрсынбекова Раушан Куанышбаевна 67,8 балл жинақтап, «Стационардың үздік дәрігері» номинациясы бойынша ІІІ-ші орынды иеленді.
2. «Алғашқы медициналық-санитарлық көмектің үздік дәрігері» номинациясы бойынша:
2.1. №5 қалалық емханасының дәрігері Малгараева Салтанат Муратовна 76,5 балл жинақтап, І-ші орынды иеленіп, республикалық конкурсқа жолдама алды.
2.2. Талас аудандық орталық ауруханасының дәрігері – Амантаева Гулмира Убайдуллаевна 65,4 балл жинақтап, «Алғашқы медициналық-санитарлық көмектің үздік дәрігері» номинациясы бойынша ІІ-ші орын иеленді.
2.3. Меркі аудандық орталық ауруханасының дәрігері Сейдалы Әсемгүл Сағатқызы 63,4 балл жинақтап, «Алғашқы медициналық-санитарлық көмектің үздік дәрігері» номинациясы бойынша ІІІ-ші орынды иеленді.
3. «Үздік ауыл дәрігері» номинациясы бойынша:
3.1. Талас аудандық орталық ауруханасының дәрігері – Мырзагулов Бекжан Асембекович 66,5 балл жинақтап, І-ші орынды иеленіп, республикалық конкурсқа жолдама алды.
3.2. Шу аудандық орталық ауруханасының дәрігері Әтет Нұрайым Жеңісқызы 64,5 балл жинақтап, «Үздік ауыл дәрігері» номинациясы бойынша 2-ші орын иеленді.
3.3. Байзақ аудандық орталық ауруханасының дәрігері Жубатханова Тиллагул Кылышбаевна 63,0 балл жинақтап, «Үздік ауыл дәрігері» номинациясы бойынша 3-ші орынды иеленді.
Барлық жеңімпаздар мен қатысушыларға дипломдар мен «Технодом» сертификаттары берілді.
«Медицина үздігі – 2023» конкурсының демеушісі «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ-нің Жамбыл облыстық филиалы болды.