ЖАНЫҢЫЗ ЖӘННАТТА БОЛСЫН, ӘРІПТЕС АҒА!

Атырау медицинасы ауыр қазаға душар болды. Денсаулық сақтау саласының дамуына ерекше үлес қосқан әріптесіміз, «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау қызметкерлері салалық кәсіподағының үздігі» төсбелгілерінің иегері, еңбек ардагері, алғашқы патолого-анатом дәрігері болған Исатай Шыңғысұлы Молдағалиев 72 жасқа қараған шағында дүние салды.

Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын «емдеу ісі» мамандығы бойынша 1976 жылы тәмамдаған И.Молдағалиев еңбек жолын облыстық ауруханада дәрігер-терапевт болып бастады. 1980-1995 жылдары аралығында Атырау теміржол ауруханасының патологиялық анатомия бөлімінде, кейін облыстық біріккен сот-медициналық сараптау және патанатомия бюросында бөлім меңгерушісі қызметімен жалғастырды.

Өзінің кәсіби білімін көтеріп, жетілдірумен ұдайы айналысқан Исатай Молдағалиев Алматы, Мәскеу, Саратов, Львов қалаларында паталогоанатомдардың бүкілодақтық конференцияларына қатысты. 2007 жылдан зейнеткерлікке шыққанша облыстық патанатомия бюросының бас дәрігері қызметін абыройлы атқарды.

Әріптесіміздің өмірі мен қызметі туралы өмірбаяндық дерегі 2017 жылғы «Лучшие люди» энциклопедиясында енгізіліп, Халықаралық дипломмен, «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды.

1995 жылы Облыста патанатом қызметін ірілендіру мақсатында, теміржол ауруханасының патанатомия бөлімі жабылып, Облыстық біріккен сот медициналық сараптау және патанатомия бюросы болып ашылып, осы бюрода дәрігер патолого-анатом болып жұмыс жасап, 01.01.1999 жылы Облыстық біріккен сот медициналық сараптау және патанатомия бюросы әр қайсысы өз алдына бөлек дербес бюро болып қайта ашылғанда, Облыстық патанатомия бюросында бөлім меңгерушісі қызметін атқарды. Осы еңбек еткен жылдары патологоанатомиялық қызметін, облысты жан-жақты дамытуға көпсалалы қылуға қызмет етті. Ұжымда беделді, өзінің іскерлік қабілетімен, терең білімділігімен ерекшеленген, маман иесі.

Көптеген патолого-анатом дәрігер және лаборант шәкірттерді әзірледі және Атырау медицина колледжінде студенттерге дәріс берді.

Адамдар денсаулық сақтау саласында жауапты жұмыстарды абыройлы атқарған Исатай Шыңғысұлының қазасына байланысты барша Атырау медицинасы қауымдастығы, Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы және «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі облыстық филиалы атынан марқұмның отбасына, туыстарына қайғырып көңіл айтамыз.

Жаныңыз жәннатта, топырағыңыз торқа болғай!

Ұйымдастыру алқасы.