Жастар – кәсіподақ мекені

2019 жылдың 18 қыркүйегі күні ҚР Кәсіподақтар күні мерекесі аясында ««SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Құсайынов Махамбет Какімұлының қатысуымен Жастар Кеңесінің ұйымдастыруымен «Жастар – кәсіподақ мекені» атты дөңгелек үстел өтті.

Жастар Кеңесінің төрағасының орынбасары Байгудеев Асхат Айбулатұлы Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар Федерациясының 2017-2020 жылдарға арналған жастар саясатының бағдарламасының негізгі бағыттарын атап өтті. Кәсіподақтар федерациясы өз қызметінде кәсіподақтардың жастар саясатын күшейту және жандандыруға бағытталған жүйелі жұмысқа ерекше назар аударады. Жастар кеңестері кәсіподақтардың негізгі қағидаттары – ашықтық, жауапкершілік, есептілік пен тиімділікті басшылыққа алады. Бүгінгі таңда мықты жастар құрамысыз кадрлық саясатты жетілдіру және кадрлар резервін қалыптастыру мүмкін емес. Кәсіподақ қатарын жасартуға, қазіргі резервті құруға және жастарды кәсіподақты дамыту үрдісіне қатыстыруға елеулі назар аудару қажет екенін баяндады.

Дөңгелек үстелге қатысушылар әр жас адамды кәсіподақ құрамына тарту және өткенді бағалайтын, бүгінгі күні батыл қимылдап, келешекке сеніммен қарайтын кәсіподақ көшбасшыларының жас буының қалыптастыру  оймен тұжырымдады.