Жылдық қорытынды есеп берілді

2021 жылдың ақпанның 24-ші жұлдызында «Senім» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы Республикалық қоғамдық бірлестігінің Атырау облыстық филиалының 2020 жылы атқарылған жұмыстарының қорытынды есебі бойынша Кеңес мүшелерінің жиналысы өткізілді.Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты,жиналыс офлайн және онлайн форматта өткізілді.

Қазіргі таңда облыстық филиалдың құрамында 39-бастауыш кәсіподақ ұйымдары, 11539 кәсіподақ мүшелері бар.

Кеңесте облыстық филиалдың басшылығымен атқарылған жұмыстар сараланды.

Күн тәртібінде ревизиялық комиссияның төрағасы Н.Жаңбырбаев 2020жылы жұмсалған қаражат туралы мәліметті баяндады.

Облыстық филиалдың төрағасы М.Кашкенова 2020жылы атқарылған іс-шаралар туралы есепті баяндап өтті.

Отырыс соныңда облыстық филиалдың төрағасы М.Кашкенова 2021жылға міндеттелген жұмыстармен таныстырып,2021жылы бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жылы болып белгіленуіне байланысты, «Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы» байқауы өткізілетінін ресми жариялады.

Бастауыш кәсіподақ ұйымының төралары облыстық филиалдың 2020жылы атқарылған жұмыстарына жақсы баға беріп, бұдан кейінде қиындығы мен қызығы мол салада, жұдырықтай жұмылып, бірлесе жұмыс жасауға және жетістіктерге жетуге өз ойларын білдірді.

Жиналысқа Атырау облыстық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы І.Баймұханов қатысты.