Кәсіподақ органдары

Съезд – Кәсіподақтың ең жоғарғы органы болып табылады және ол кемінде бес  жылда бір рет Орталық Кеңеспен шақырылады. Съездің өту мерзімі мен орнын, күн тәртібін, өкілдік нормасын, съезге делегаттарды сайлау тәртібін филиалдың Атқару Комитеті екі ай мерзім бұрын белгілейді.

Кәсіподақтың кезектен тыс съезі Орталық Кеңестің шешімімен немесе салалык кәсіптік одақ құрамына кіретін ұйымдардың ең кем дегенде тең жартысының талабы бойынша шақырылады, ол туралы шешім кем дегенде бір ай бұрын қабылдану керек.

Съезд сайланған делегеттардың үштен екісінен кем емес бөлігі қатысса, өз жұмысын бастауға құқықты болып саналады.

Кәсіподақ Съезі:

— Кәсіподақ Орталық Кеңесі мен Кәсіподақ Бақылау-ревизиялық комиссиясының өз жұмысы туралы есебін тындайды және талқылайды, олардың жұмысына баға береді;

— іс-әрекеттердің бағдарламасын және Кәсіподақтың кезекті мәселелерін айқындайды;

— Кәсіподақтың Жарғысын, оған енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды, Кәсіподақтың Тексеру комиссиясы және бастауыш кәсіподақ ұйымы мен филиалдың Тексеру комиссиясы туралы Ережені бекітеді.

— Орталық Кеңесті тікелей жіберу принципі бойынша жасақтайды;

— Кәсіподақ төрағасын және Бақылау-ревизиялық комиссиясының мүшелерін сайлайды;

— Кәсіподақтың мүшелік жарнасы туралы ережені қабылдайды, онда кәсіподақ мүшелерінің жарнасының міндетті түрде аударылатын мөлшері белгіленеді.

— Кәсіподақ қызметінің қысқарғаны туралы шешім қабылдайды;

— Кәсіподақ қызметімен байланысты басқада шешімдер қабылдайды;

Съездер аралығында Кәсіподақтың басқарушы органы, Кәсіподақ төрағасымен басқарылатын, Кәсіподақтың Орталық Кеңесі болып табылады.

 

Орталык Кеңес өз жұмысын бекіткен Ережеге сәйкес және келесі мәселелер бойынша өз шешімін қабылдауға құқы бар:

— Съездің шешімдерінің орындалуын және Кәсіподақтың жарғылық міндеттерін ұйымдастырады және бақылайды;

— салалық кәсіподақтың құқықтары мен мүдделерін мемлекеттік билік, сот, шарушылық органдар мен басқа қоғамдық құрылымдар алдында өкілеттік етеді және қорғайды;

— өз құрылымына кіретін кәсіподақ ұйымдарының жұмысын реттеп, оларға кеңес береді, құқықтық көмек көрсетеді;

— съезд алдында өз қызметі туралы есеп береді;

— Кәсіподақ пен оның құрылымдық бөлімдері басшыларының Кәсіподақ Жарғысы мен оның шешімдерінің орындалуы туралы есептерін тыңдайды;

— Атқару Комитетін сайлайды;

— Кәсіподақ төрағасы өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайда қайтадан сайлау өткізеді;

— Кәсіподақтарға өз өкілдерін сайлайды немесе делегат етеді;

— Кәсіподақта есеп беру және қайта сайлау туралы және олардың өткізілетін мерзімі мен реті  туралы шешім қабылдайды;

-Кәсіподақтың тұрақты қызмет атқаратын комиссияларының жұмысы туралы Ережені бекітеді.

— Съездің шешімімен жүктелген басқа да міндеттерді атқарады.

 

Жедел және күнделікті жұмыстарды атқару үшін құрамында кәсіподақ төрағасы, оның орынбасары (лары) және мүшелері бар Аткару комитеті сайналады. Аткару комитетінің мәжілісі қажетіне қарай ең кемінде үш айда бір рет өткізіліп, құрамына сайланған мүшелерінің жартысынан артығы қатысқан жағдайда оның шешімдері құқықты болып саналады.

 

Аткару комитеті:

— Кәсіподақ Орталық Кеңесінің мәжілісін шақырып, оның күн тәртібімен өткізілетін орнын белгілейді;

— съезд және Орталық Кеңес шешімдерінің орындалуын қадағалайды;

— Кәсіподақ төрағасының ұсынысы бойынша оның орынбасарын (ларын) сайлайды және қызметтен босатады;

-салалық келісім-шарттың негізгі бағыт бағдарламасын белгілеп, олардың орындалуын қадағалайды;

— кәсіподақ қызметкерлері мен активінің оқуын ұйымдастырып, пайдалы тәжірибелерді көпшілікке таратады;

— Орталық Кеңестің ішкі құрылымы мен штат кестесін бекітіп, төрағаның ұсынысымен бөлім меңгерушілерін бекітеді;

— Жергілікті кәсіподақтың Кәсіподаққа мүше ұйым ретінде кіру және оны шығарту туралы шешім қабылдайды;

— Кәсіподақ құрылымына кіретін ұйымдардың қызметі туралы статистикалық мәліметтердің жүйесін анықтайды;

— жыл сайынғы жиынтық статистикалық есепті қарайды және бекітеді;

— Кәсіподақ Орталық Кеңесі белгілеген өкілеттіктер шегінде Кәсіподақтың мүлкіне және ақшасына иелік етеді;

— Кәсіподақ кіріс-шығыс сметасын бекітіп, белгіленген өкілеттік шеңберінде, қарауындағы мүліктің сақталу және оны қолдану туралы нормативтік актілер қабылдайды;

—  Кәсіподақтағы еңбекақы төлеу мөлшері мен жүйесін белгілейді;

— өзінің құрылымындағы ұйымдарының Жарғыда көрсетілген ережелер мен міндет-мақсаттарын орындау барысы және қаржы шаруашылық жұмысын тексеру туралы шешім қабылдап, егер де тексеру барысында жұмыс аясында жіберген кемшіліктері болса, онда істің аңық-қанығы шешілгенше банкідегі қаражатын пайдалануға тыйым салады;

— Кәсіподақ Жарғысы мен алқалы органдарының шешімдеріне қайшы келетін төменгі кәсіподақ ұйымдарының қаулыларының күшін жояды, қабылданған шешім туралы кәсіподақ мүшелерін хабардар етеді;

— Кәсіподақтағы біріңғай кадрлық саясатты анықтайды, оның ішінде кәсіподақ кадрларын іріктеу, орналастыру мен оқыту, кәсіподақтағы басқарушы қызметтерге резерв жасақтау;

— негізгі себептермен Кәсіподақ Жарғысы мен шешімдерінде көрсетілген талаптарға қайшы іс-әрекеттері үшін кәсіподақтың құрылымдық бөлімінің төрағасы жеке жауапкершілікке тартылуы туралы сұрақтарды қарастырады. Кәсіподақ Жарғысы өрескел бұзылған жағдайда төрағаның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдайды, шешім туралы кәсіподақ мүшелерін хабардар етеді;

— Кәсіподақ филиалын құру туралы шешім қабылдайды;

  • Кәсіподақтың филиалы мен бастауыш кәсіподақ ұйымы туралы Ережені әзірлейді және бекітеді;

— Кәсіподақ филиалдарының төрағаларын сайлау туралы шешімді бекітеді;

  • қаржылық есептің мүшелік кәсіподақ жарналарының есептелуі мен төленуіне байланысты көрсеткіштерін анықтайды;
  • жалпы Кәсіподақ бойынша жыл сайынғы жиынтық қаржылық есебін қарастырады және бекітеді;
  • Кәсіподақтың құрылымдық бөлімдері басшыларының Кәсіподақ Жарғысы мен оның шешімдерінің орындалуы туралы есептерін тыңдайды;
  • Комиссиялар мен басқа да тұрақты немесе уақытша жұмыс органдарын жасақтайды, оларға өкілеттік береді;

— Орталық Кеңес жүктеген басқа да міндеттерді атқарады.

Қажет жағдайда Атқару Комитетінің шешімін сауалдама бойынша жазбаша қабылдай алады.

 

 

Кәсіподақтың Бақылау-ревизиялық комиссиясы

Кәсіподақтың Бақылау-ревизиялық комиссиясы Кәсіподақ съезінде, құрылымдық бөлімдердің тексеру комиссиялары олардың жиналыстарында және конференцияларында сайланбалы органдардың мерзімдік өкілеттігіне сәйкес кәсіподақ және оның құрылымдық бөлімдерінің есептік-шаруашылық қызметін, олар кұрған ұйымдардың қызметін бақылау үшін, кәсіподақ мүшелік жарналарын дұрыс есептеу, жинау, аудару және жұмсау, қаражаттар мен меншіктегі кұнды заттарды дұрыс пайдалану мәселелерін тексеру үшін сайланады да олар өз жұмысында съезд бекіткен Ережелерді басшылыққа алады.

Кәсіподақтың бақылау-ревизиялық комиссиясы барлық деңгейдегі сайланбалы органдардың қызметіне тексеріс пен тексеру жүргізеді.

Бақылау-ревизиялық комиссиясы өз қызметін дербес атқарады және съезге есеп береді.

Кәсіподақтың құрылымдық бөлімдерінің тексеру комиссиялары жұмыс барысында Кәсіподақтың Бақылау-ревизиялық комиссиясына есепті, оның шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді.

Кәсіподақ Бақылау-ревизиялық комиссиясының төрағасы осы комиссияның мүшелерімен сайланады, лауазым бойынша съезд делегаты,  филиалдар мен бастауыш кәсіподақ ұйымыдары тексеру комиссияларының төрағалары тиісті конференциялар делегаттары болып табылады.

Бақылау-ревизиялық комиссиясының құрамы

Тогаева Айсулу ШакеновнаБақылау-ревизиялық комиссияның төрайымы, бухгалтер
Пархоменко Ирина Александровнасарапшы
Гиляурова Махабат Гапаровна