Президент Жолдауына қолдау білдіреміз

✅ Барлық медицина қызметкерлерінің бүгінде орташа айлық жалақылары көтеріліп, біршама жақсы деңгейге өсті. Тіпті орта және техникалық персонал табысы да көтерілген.

✅ Мәселен, Жамбыл облысындағы 11896 медициналық қызметкерлерінің, оның ішінде 3248 дәрігердің жалақысы орта есеппен 30%-ға, 8648 орта медицина персоналының жалақысы орташа есеппен 20%-ға ұлғайса, дәрігердің айлығы орта есеппен 453427 теңгеден 589455 теңгеге өсіп, орта медициналық буын персоналының айлығы 204000 нан 244800 теңгеңе жоғарылаған.

✅ Сонымен қатар, көптеген жылдан бері көтерілмеген тазалықшы, жүргізуші және өзге де персоналдардың еңбекақысы орта есеппен 18 % өскен.

✅ Атап айтқанда, 3430 тазалықшының еңбекақысы орта есеппен 124854 теңгеден 147327 теңгеге дейін көтерілді.

✅ Бұл — біздің Президентіміз Қасым- Жомарт Тоқаевтың медицинаға жасап отырған жақсылығы ғана.

✅ Басқа да қаншама нысандар ашылып, медициналық жоғары технологиялық құрылғылар алынып, ел игілігіне берілуде.

✅ Халық бүгінде тексерілуден өту үшін алысқа бара бермей, өзімізде емделгенді дұрыс көреді.

✅ Тегін медициналық қызмет көрсетудің жоғары үлгісіне ел үйреніп келеді.

✅ Мұның барлығы — Мемлекет басшысының көреген саясаты мен жасампаз істерінің жемісі деп білемін.

✅ Біз, медицина қызметкерлері, қашан да еліміздің жарқын болашаққа қадам басуы жолында қолдан келгенше қолдау көрсетіп, Президент Қ-Ж Тоқаевтың Жолдауына қолдау білдіреміз.