Жолдауға — қолдау білдіреміз!

✅ Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында “Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары” атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.

✅ Президенттің бұл Жолдауында жуық арада жүзеге асырылатын саяси реформалардың жаңа бағдарламасы мен әлеуметтік-экономикалық бағытта атқарылатын іс-шаралар қамтылды.

✅Халқымыз үшін жасалынып жатқан әрбір игі іс, әрбір жаңа бастама тәуелсіз еліміздің жаңаша бағытта дамып жатқанының айқын көрінісі.

✅ Біз, медицина қызметкерлері, Президентіміздің бізге артып отырған сенімін ақтап, асқан жауапкершілікпен бірлесе отырып, Жолдау аясында атқарылатын жұмыстарды қарқынды түрде дамытуға, ұлт саулығын арттыруға бар күш-жігерімізді саламыз.