Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні

2022 жылдың 29 сәуірінде «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалы «Жамбыл облысы кәсіподақ орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің қатысуымен Әлеуметтік серіктестік жылы мен Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне арналған іс-шара аясында «Қауіпсіздік және еңбекті қорғау бәрінен бұрын» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстел отырысына «Жамбыл облысы кәсіподақ орталығы» төрағасының орынбасары Қарауылов Б.С., Жамбыл облысы еңбек инспекциясы басқармасының мемлекеттік еңбек инспекторыИбраимов Еркін Тұрарұлы, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары мен қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау жөніндегі инженерлер және медициналық ұйымдардың еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлары қатысты.

Дөңгелек үстел отырысын ашу үшін «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалының төрайымы Г.А.Момбекова алғы сөз сөйледі, ол барлық тараптардың еңбекті қорғауды тұрақты нығайтуға және барлық ұйымдарда еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың жоғары мәдениетін қалыптастыруға белсенді қатысудың маңыздылығын атап өтті.

Дөңгелек үстел нәтижесінде барлық қатысушылар жұмыста қолдану үшін және кәсіби әрі қарай өсу үшін көптеген қажетті ақпарат пен нақты мәселелер бойынша практикалық кеңестер алды.