Құрметті әріптестер, қадірменді ер-азаматтар, сала ардагерлері!

Сіздерді тәуелсіз мемлекетіміздің айбынды мерекесі – Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Қазақстан күнтізбесінде өзіндік рөлі бар айтулы күн – еліміздің қорғаныс қабілетінің кемелденгенін білдіреді. Дәстүр бойынша бұл мереке әскери ерліктің көрінісі, ерлік, намыс, батылдық пен патриотизмнің символы болып табылады және Қазақстан Республикасына адал және абыройлы қызмет етуді парыз санайтын әрбір адамды біріктіретін жалпыхалықтық мейрам.

Мерекеге орай, барша ерлер қауымына ризашылығымды білдіріп, дендеріне саулық, отбасыларына амандық пен татулық, жұмыстарына сәттілік және табыс тілеймін. Әрқашан нағыз арқа сүйер ер азамат деген атқа ие болып, абыройларыңыз асқақ, мәртебелеріңіз үстем болсын.

Бірлігі бекем елдің тірлігі көркем демекші, ең бастысы еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Жамбыл облыстық филиалының төрайымы
Момбекова Гүлмайра Асанқызы