10 қазан – Кәсіподақтар күні

11 қазан 2019жылы «Senim » денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы Атырау облыстық филиалы ҚР Үкіметтің биылғы 22 мамырдағы № 303 қаулысына сәйкес тұңғыш рет ресми түрде «10 қазан – Кәсіподақтар күні» деп белгіленіп, Атырау облысында биыл алғашқы рет ресми түрде аталып өтті.

Облыстық Кәсіподақтар үйінде мерекеге орай салалық кәсіподақтарының өкілдері мен ардагерлерінің қатысуымен салтанатты жиын өтті. Жиында аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Ізтұрған Баймұханов құттықтау сөз сөйлеп,медицина саласына аянбай еңбек еткен 3 қызметкерге  ҚР Кәсіподақтар Федерациясының «Кәсіподақ ардагері « төс белгілерін табыстады. Сонымен қатар

«Senim» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподағы Республикалық қоғамдық бірлестігінің 2019 жылдың 25 — қыркүйегінде өткен Атқару комитетінің № 40 — шешімімен бес кәсіподақ мүшелеріне қайырымдылық сертификаттарын табыстау ұйғарылды. Сертификат құны – 250 мың теңге.Сертифатты облыстық филиал төрайымы тапсырды.

Жиын соңы Н.Жантөрин атындағы облыстық филармониясының концертіне ұласты.