Денсаулық сақтау жүйесі – мем­лекеттің негізгі құ­ры­лы­мының бірі.

Мем­ле­кеттің демог­рафиялық көрсеткішінен бас­тап, адам капиталының сапасы, жалпы халықтың өмір сапасы аталған құрылымның жұмысымен байланысты екені анық. Сондықтан денсаулық сақтау жүйесінің дамуы – мем­ле­кеттің әлеуметтік-эко­но­ми­калық саясатындағы маңызды мәселелерінің бірі.

Ме­ди­­цина социологиясының беделді өкілі А.В.Решетников «дәрігердің әлеуметтік мәртебесі еңбек ақысы, мамандықтың мәртебесі, өзін-өзі шыңдау сияқты критерийлерге байланысты» дейді. Медицина қызметкерлерінің мәртебесі – денсаулық сақтау жүйесінің тиімді жұмысының маңызды детерминанты. Сондықтан бүгінгі таңда жүйедегі қиындықтарға қарамастан, олардың еңбегін бағалап, өзін-өзі шыңдауға мүмкіндік беру, науқастардың орынсыз әрекеттеріне қатысты шаралар қолдану арқылы абзал жандардың құқығын қорғау маңызды болып отыр.

Медицина қызметкері пациенттерге көрсетілетін медициналық көмектің сапалығына жауап береді. Өз қызметінде ол Қазақстан Республикасының заңдарын, қолданыстағы нормативтік құжаттарды (медициналық стандарттарды) басшылыққа алуға міндетті, бірақ, осы нұсқаманың тараптарында, аурушаңдықтардың ерекшелігін ескере отырып, науқастың мүддесін басшылыққа алу арқылы әр нақты жағдайда аса тиімді болып табылатын профилактикалау, диагностикалау және емдеу әдістері таңдалуы қажет. Қажет болған жағдайда медицина қызметкері өздерінің әріптестерінен көмек алуға тиіс.

Медицина қызметкері пациенттің ар-намысы мен абыройын қадірлеуі керек, оларға жылы шыраймен қарап, жеке құпиясына деген құқығын сыйлауы тиіс, туыстары мен жақындарының науқастың жай-күйіне алаңдаушылық білдіруін түсіністікпен қабылдауға, сонымен қатар, ол жеткіліксіз, яғни кәсіби себептерсіз пациенттің және оның отбасы мүшелерінің жеке істеріне араласпауы тиіс.

Егер де пациент өзінің келісімін саналы түрде бере алмаса, оның орнына заңды өкілі немесе пациентті үнемі қамқорлыққа алатын адам бере алады.

Пациент өзінің денсаулығы жай-күйі туралы толық ақпаратты алуға, бірақ, сондай-ақ, одан бас тартуға немесе денсаулығы жайлы хабарлауға болатын адамды көрсетуге құқығы бар. Дегенмен, қандай жағдайда болмасын, адам жанының арашашысы — дәрігерді құрметтеуі, сыйлауы қажет.

Медицина қызметкерлерінің құқығы қорғалып, еңбегі тиісті деңгейде жоғары бағалануы тиіс.