Естурлина Гулмира Жолдасқызы

Естурлина Гулмира Жолдасқызы 1993-1999 жж. Батыс Қазақстан Мемлекеттік Академияны педиатрия саласы бойынша оқып бітіріп, 2000 жылы осы сала бойынша дәрігер – педиатр маманы болып келгеніне қарамастан, мемлекет қажеттілігіне сай Атырау облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансерінің бактериология зертханасына дәрігер – бактериолог қызметіне жолданған болатын. Себебі облыс көлемінде тұрарлап қалған саланы көтеру қажет болатын, ол кездегі алғашқы дайындық курсынан өту тәртібі болмағандықтан, Алматы қаласындағы туберкулез мәселесін шешу Ұлттық орталығынан жұмыс орнында тәжірбиеден өтіп, Атырау облыстың бактериологиялық қызмет бағдарламасын жүзеге асыруға кірісіп кеткен. Өзінің табандылығы мен іскерлігінің арқасында 2005 жылдан бастап лаборатория меңгерушісі және осы саланың облыс бойынша үйлестірушісі болып қызмет етуде.

БДСҰ нұсқауына сай 2001жылдан бастап ҚРТМҰО, КазММУ, Project HOPE, USAID ұйымдарының туберкулезге қарсы күресті күшейту курстарынан өтті.

Бактериологиялық қызмет, туберкулезге қарсы күрестегі халықаралық бүкіләлемдік денсаулық қорғау ұйымының нұсқаулықтарына сай басты роль атқаратындығы бәрімізге мәлім. Қазіргі уақытта облыста Гүлмира Жолдасқызының ұйымдастыруымен бұл жұмыс жоғарғы деңгейде жүргізілуде. Облыста жүргізілетін химиотерапия деңгейін бақылау, диагностика мақсатында жасалатын бактериологиялық тәсіл.

2008 жылы біздің баклабораторияда туберкулез дертін және дәрілерге сезімталдық деңгейді анықтау мақсатында бірінші рет «BACTEC MGIT 960 » автоматтандырылған жүйесі еңгізілді. Естурлина Г.Ж. ҚРДСМ қолдауымен Project HOPE, USAID жахандық қор-2009ж. ұйымдастырған бактериологиялық диагностика және дәрілерге сезімталдықты анықтау курсынан өтті.

2013 жылдан бастап Атырау облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансерінің баклабораториясында 2 сағат ішінде туберкулез микобактериясының барын және рифампицин препаратына сезімталдығын анықтайтын, яғни көптеген дәріге көнбейтін дертті анықтайтын молекулярлы- генетикалық экпресс тәсілімен тексеретін 4 модульді аппарат «GENE-XPERT MTB/RIF» қондырғысы іске қосылды.

Республика бойынша «ҚР бойынша туберкулез науқастарын ұлттық тіркеу, лабораториялық компонент» порталының еңгізілуіне байланысты облыс көлемінде семинар өткізді. «Туберкулезге қарсы лабораториядағы биологиялық қауіпсіздік» тақырыптарына өткізілген ұлттық семинар мәжілістерге қатысты. Ал 2015 жылы «Туберкулез диагностикасы мен емдеуінің инновациялық технологиясы» халықаралық конференцияға қатысты. Осы жылы ҚРДСМ бұйрығымен «АҚ Астана медициналық университетінің» қатысуымен туберкулезге қарсы күресті дамыту мен жетілдіру мақсатында Оңтүстік Корея, Сеул қаласында Cell&TechBioCo Ltd, жоғарғы ұлттық туберкулезге қарсы күрес лабораториясында оқудан өтті.

Гүлмира Жолдасқызы, лабораторияның кадрлік мәселелерін шешуді жолға қойды. 2012 жылы бір, 2015 ж. және 2020ж. тағы да екі бактериолог жас мамандардың қабылдануына, олардың тәжірбиелік маман болуына бар күшін сарқа жұмсады. 2012 жылға дейін баклабораторияда 1 дәрігер жұмыс жасаса, қазір 4 дәрігер-бактериолог қызмет етеді.

Өткен мастер-класс оқулары: «Бактериологическая диагностика туберкулеза культуральным методом»- в 2018г; «Проведение тестов на лекарственную чувствительность к препаратам первого и второго ряда ПТП»- в 2019г; «Молекулярная диагностика ТБ и М/ШЛУ ТБ методом Gene-Xpert MTB/RIF»-2018г; на «Автоматизированной системе для выделения ДНК/РНК ПЦР аппарате Existation Bioneer» -2018г; по «Система менеджмента качества противотуберкулезных лабораторий»-2019г. 2019 жылы «Existation Bioneer» құрылғысында жұмыс жасау үшін Оңтүстік Корея, Сеул қаласында стажировкадан өтті. 2020 жылы Жахандық Қор тарапынан өткізілген «Xpert SARS-Cov-2» анықтау онлайн-тренингіне қатысты.

2020 жылы ҚР Тәуелсіздік күні мерекесіне орай Денсаулық сақтау саласындағы жемісті еңбегі мен еліміздің денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін Денсаулық Сақтау министрінің Құрмет Грамотасымен марапатталды.