Облыстық медициналық жедел жәрдем бригадаларының жарыстары

2023 жылдың 26 мамырында Жамбыл облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының бастауыш кәсіподақ ұйымы «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ-нің Жамбыл облыстық филиалының қолдауымен медицина қызметкерлері күніне арналған облыстық жедел медициналық жәрдем бригадаларының жарыстарын өтті.

Жарыстың мақсаты-жедел және шұғыл медициналық көмек көрсету сапасын жетілдіру, жедел медициналық жәрдем фельдшері кәсібінің беделі мен маңыздылығын және кәсіби құзыреттілігін арттыру.

Жарысқа Жамбыл облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының фельдшерлері мен қызметкерлерінен құралған 12 команда қатысты.

Жедел медициналық жәрдем бригадаларының облыстық жарыстарының жеңімпаздары:

І орын- Байзақ командасы (Байзак ауданы);

ІІ орын- Медикал Хит командасы (Тараз қаласы 1-ші ауысым);

ІІІ орын- Жамбыл командасы (Жамбыл ауданы).

1 орын алған Команда 150 000 теңге көлемінде ақшалай сертификат алды, 2 орын – 100 000 теңге және 3 орын – 50 000 теңге.

Сондай-ақ, 4 номинация бойынша жеңімпаздар анықталды:

«Үздік фельдшер» – Саттибаева Дана (Жамбыл ауданы);

«Үздік коммуникативтік дағдылар» – Герасимова Юлия (Қордай ауданы);

«Үздік топтық жұмыс» – Барыс командасы (Тараз қаласы, Барыс подстанциясы);

«Үздік парамедик» — Арықбаев Досан Құралұлы (Байзақ ауданыны).

Номинациялар бойынша жеңімпаздарға дипломдар мен 10 000 тенге көлемінде ақшалай сыйлықтар берілді. Сонымен қатар, жарысқа қатысқан барлық командалар 20 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлықтармен марапатталды.