«Салауатты өмір салтын ұстану» атты кәсіподақ мүшелері арасында шахмат пен тоғызқұмалақ — спорт түрінен турнир өтті

«Сенім» Денсаулық сақтау жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігі Атырау облыстық филиалы бастаған, Атырау Облыстық Фтизиопульмонология орталығы Бастауыш кәсіподақ ұйымы ұйымдастырған «10 қазан-Кәсіподақтар күніне арналған» «Салауатты өмір салтын ұстану» атты кәсіподақ мүшелері арасында шахмат пен тоғызқұмалақ — спорт түрінен турнир өтті. Турнирге орталық қызметкерлері белсене қатысып, қызықты ойын-тартыс өткізді. Жүлделі орын иелері анықталып, ұжым алдында дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Атап айтсақ, шахмат ойынынан суырыла алға шыққан-орталықтың фтизиатр-дәрігері Есмурзин Асхат Асқарұлы-I орын, заңгер Қабдолов Асқар Бекжанұлы -II орын, фтизиопедиатр Шуақбаев Марат Тұрланұлы — III орын иеленді.

Қазақтың ұлттық ойыны- тоғызқұмалаққа орталығымыздың жас мамандары қатысып, өнерлерін көрсетті: клиникалық лаборант Сағындықов Қуаныш-I орын, бак лаборант Асқаров Еркебұлан-II орын, мейіргер Талап Айдар- III орын алып, дипломдармен марапатталды.