«Senim» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматы облыстық филиалының бірінші конференциясы өтті.  

2019 жылдың 14 қараша күні Талдықорған қаласы Журналистер үйінің ғимаратында «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы Республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматы облыстық филиалының бірінші конференциясы өтті.

Жиынға «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сапарбек Серікұлы   ДЮСЕНОВ, «Алматы облысының кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасы Әсет Серікқалиұлы ҚЫДЫРМАНОВ, денсаулық сақтау саласы мекемелерінің басшылары және медециналық бастауыш ұйымының төрағалары мен  Жастар Кеңесінің мүшелері қатысты.

Күн тәртібінде 3 мәселе қаралды. Бұл «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіподағы облыстық филиалының төрағасын сайлау, филиал кеңесі құрамын және ревизиялық комиссия құрамын сайлау.

Жиынның ашылуында сөз алған Дюсенов Сапарбек Серікұлы кәсіподақ ұйымдарының өкілеттіліктері мен құзыретіне тоқталып, бүгінгі күнгі кәсіподақ ұйымдарының міндеттері бұл – азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, жұмыс жағдайын жақсарту, өмір сүру деңгейін көтеру мен әлеуметтік кепілдікті қамтамасыз ету мақсатында жұмыс істеу екендігін жеткізді.

Күн тәртібіндегі мәселелерге орай сөз алған кәсіподақ белсенділері төрағалыққа денсаулық сақтау саласын жақсы білетін және жаңа кәсіподақты құруда үйлестіруші болып көзге түскен Исаев Айбол Арыстанбайұлының кандидатурасын ұсынды. Қатысушылар осы ұсынысты қолдап бірауыздан дауыс берді. Сонымен қатар жиынға қатысушылар салалық кәсіподақтың Кеңес және Тексеру комиссиясының мүшелерін сайлады.

«SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы Республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматы облыстық филиалының төрағасы болып сайланған Исаев Айбол Арыстанбайұлы көрсетілген сенім үшін әріптестеріне алғысын бірдірді.