Мектепке «SENIM-мен»

Дәстүрлі республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы жыл сайын өткізіледі. Бұлқайырымдылық акцияның мақсаты-аз қамтылған көп балалы отбасылардың балаларына, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға материалдық көмек көрсету болып табылады.

Осыған байланысты, «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалы, облыстың бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен бірлесе отырып осы акцияға белсене қатысып, 910 аз қамтылған, көп балалы және толық емес отбасылардағы 910 балағажалпы соммасы 10 250 000 тенге көлеміндеқаржылай көмек пен әлеуметтік қолдау көрсетті.