ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ БАСТАУЫШ ҰЙЫМНАН БАСТАЛАДЫ!

«Қызметкерлердің құқықтарын қорғау бастауыш ұйымнан басталады!» айдарын жалғастыра отырып, 2019 жылдың наурыз айынан бастап «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің Республикалық салалық кәсіподағының Қарағанды облыстық филиалының профессор Хафиз Жаңабайұлы Мақажанов атындағы көпсалалы ауруханасының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Андрей Панның жұмысы туралы айтқымыз келеді.

Андрей Владимирович әрдайым медицина қызметкерлерін — 1182 бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелерін қорғауда, олардың иығына коронавирустық пандемия мен карантиндік шаралар кезінде жерлестерінің өмірі мен денсаулығы үшін күресте үлкен жүктеме түскен.

Андрей Пан кәсіподақтық күнделікті жұмысында жоғары моральдық-іскерлік қасиеттер мен тапсырылған іске жеке жауапкершілік танытады, игі кәсіп адамдарына құрметпен қарайды. Кәсіподақ комитетінің төрағасы әріптестерімен оң іскерлік қарым-қатынас орнатып, еңбек ұжымында бедел мен құрметке ие болды, көп балалы және толық емес отбасыларға әрдайым нақты қолдау көрсетіп келеді.

«SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Қарағанды облыстық филиалы коронавирустық инфекциядан қайтыс болған медицина қызметкерінің отбасына 1 млн.теңге мөлшерінде материалдық көмек көрсетті. 31 медицина қызметкеріне санаторлық сауықтыру ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, бастауыш кәсіподақ ұйымы карантин кезеңінде Ақ халаттағы батырларды қолдау үшін Медицина қызметкері күнін ерекше атап өтті. Клиниканың youtube арнасында мерекелік іс-шараның көрсетілімі ұйымдастырылды, онда барлық қызметкерлер клиника басшыларының құттықтауларын көре алды. Ведомстволық марапаттармен, Қарағанды облысы Әкімінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Қарағанды облысының Кәсіподақтар Орталығының және Қарағанды облысының «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлері кәсіподағының филиалының алғыс хаттарымен салтанатты марапаттау өткізілді.

Андрей Пан-жұмысы жас мамандар үшін үлгі болып табылатын еңбек ұжымының нағыз кәсіподақ көшбасшысы!

#kasipodaqkz*
#ҚРКФ #Қарағанды #КлиникаМақажанова #БастауышКәсіподақҰйымыЖылы #КәсіподақКз #БҚҰ21