Жастар кеңесінің отырысы

« Senim » Денсаулық сақтау  жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы Республикалық қоғамдық бірлестігі Атырау облыстық филиалының  Жастар кеңесінің мүшелерінің кезекті отырысы өткізілді. Отырыста 2019 жылдың 6 қыркүйекте Орталық кеңесте өткізілген отырыста талқыланған мәселелерді айта отырып, Кеңесте қаралған мәселелер бойынша колледждерде оқып жатырған студенттерге кәсіподақтың шәкіртақысын тағайындау орталық аппараттың шешімімен жүзеге асатынын жеткізді. Сонымен қатар кіші буын медицина қызметкерлеріне әлеуметтік көмек көрсетілетіндігін және көп балалы, аз қамтылған отбасылар, туа біткен мүгедектігі бар балалар, аса күтімді қажет ететін ерекше балалары бар медицина қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсетілетіндігін айтты.Сонымен қатар 2019 жылдың 9 қазанында «10-қазан Кәсіподақтар күніне» орай емдеу мекемелері арасында өткізілетін облыстық байқаудың сценарий  жасақталып, қызу талқыға түсті.