2019 жылғы 3 сәуір күні ШЖҚ “Павлодар медициналық жоғары колледжі» КМК түлектерін жұмысқа жеке-жеке бөлу ісі өтті

2019 жылғы 3 сәуір күні ШЖҚ “Павлодар медициналық жоғары колледжі» КМК түлектерін жұмысқа жеке-жеке бөлу ісі өтті. Оған “Емдеу ісі”, “Мейірбике ісі”, “Фармация” және “Ортопедиялық стоматология” мамандықтарының 394 студенті қатысты.

Колледж директоры Г.К. Ситказинованың жетекшілігімен комиссия құрамына денсаулық сақтау басқармасының, «SENIM» медицина қызметкерлері кәсіподағы облыстық филиалының өкілдері, бас дәрігерлер мен медбикелер, сондай-ақ кадрлық қызметтің инспекторлары кірді.

Болашақ жұмысты іріктеу практикалық қоғамдық денсаулық сақтау саласымен бірге өткізілетін бос орындар жәрмеңкесімен және студенттердің медициналық (фармацевтикалық) ұйымдардың басшыларымен кездесулері ықпал етті.

Медицина қызметкерінің мамандығы – біздің облысымыздағы ең көп сұранысқа ие, сондықтан да осы жылдың барлық түлектерінің жұмысқа жолдама алғаны таңқаларлық емес. Ауылдық жерге 98 түлек бөлінді.

Диплом алу алдындағы практиканы студенттер жұмысқа бөлінген жері бойынша өтетін болады, бұл ұжыммен, болашақ жұмыс орнымен алдын ала танысуға мүмкіндік беріп, түлектің жұмыс орнына бейімделу кезеңін жеңілдетеді.

Барлық түлектерге кәсіби практикадан сәтті өтіп, мемлекеттік қорытынды аттестаттаудың соңғы сынақтарына төтеп беруді тілейміз!