Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағаларының кезекті отырысы

2019 жылдың 18 қыркүйегінде «Senim» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподағы РҚБ-нің Атырау облыстық филиалында  бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары және жастар кенесінің мүшелерінің отырысы өткізілді. Отырыста 2019 жылдың 6-қыркүйегінде Нұр-сұлтан қаласында «Senim» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподағы РҚБ-нің кеңесі өткендігін, онда бірнеше мәселелер қаралғандығы айтылды. Кеңесте қаралған мәселелер бойынша медициналық колледждерде оқып жатырған студенттерге кәсіподақтың шәкіртақысын тағайындау орталық аппараттың шешімімен жүзеге асатынын жеткізді. Атырау жоғары медицина колледжнен 6-студенттер іріктеліп Орталық кеңестің талқылауына ұсынылды.

Сонымен қатар кіші буын медицина қызметкерлеріне әлеуметтік көмек көрсетілетіндігін  және көп балалы, аз қамтылған отбасылар, туа біткен мүгедектігі бар балалар, аса күтімді қажет ететін ерекше балалары бар медицина қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсетілетіндігін айтты.

Отырыста «30-қыркүйек- Еңбек күніне» орай, дәрігерлердің құқықтарын қорғау барысында дөңгелек үстел өткізу және «10-қазан Кәсіподақтар күніне» жастар кеңесінің шешімімен көпшілік мәдени шара ұйымдастырып, дайындық жұмыстары басталды.

Ақтөбе қаласында алғашқы рет өткізілетін Республикалық форумға 11 бастауыш кәсіподақ ұйымдары төрағаларының кандидатуралары ұсынылды.