МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДАҒЫ ҚАЛАЛЫҚ СПАРТАКИАДА

20.05.2023 жылы қала әкімінің орынбасары — Нұржанов М С, Орал қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Исанов А А, «Орал» СК басшысы- Жалмурзиев И А қатысуымен медицина қызметкерлері арасында қалалық спартакиада өткізілді.

Іс-шараны «Senim «Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ БҚОФ және “БҚО денсаулық сақтау басқармасы» ММ ,»Орал қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ, «Орал» СК, «Атоян кентінің» стадион әкімшілігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Спартакиадаға қаланың медицина қызметкерлері үлкен ынтамен қатысты. Қатысушылар 6 спорт түрінен, атап айтқанда шағын футбол, жағажай волейболы, аркан тарту, дартс, асық ату, 4*100 метрлік эстафетадан өз күштерін сынай алды.Қарқынды күрес нәтижесінде жалпы командалық есепте жүлделі орындар келесідей қалыптасты:

1 орын — «Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» ШЖҚ МКК номиналы 100 000 теңге сертификат табысталды;

2 орын — «Облыстық көпбейінді ауруханасы» ШЖҚ МКК номиналы 75 000 теңге сертификат табысталды;

3 орын — «Қалалық көпбейінді ауруханасы» ШЖҚ МКК номиналы 50 000 теңге сертификат табысталды;

4 орын — «Облыстық фтизиопульмонология орталығы» ШЖҚ МКК номиналы 25 000 теңге сертификат табысталды.

Сондай-ақ, «Үздік қақпашы», «Үздік шабуылшы», «Үздік жанкүйерлер» және т.б. номинациялар бойынша дипломдар мен естелік сыйлықтар табысталды.

«БҚО денсаулық сақтау басқармасы» ММ, «БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ, «Орал қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ, «Орал» СК және «Атоян кенті»стадионының әкімшілігін қолдағаны үшін Алғыс білдіреміз.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және одан да үлкен биіктерге жетуді тілейміз!