Есімізде, қайғырамыз

Шұғыл медициналық көмек көрсету және пациентті тасымалдау кезінде жол-көлік апатында 2021 жылдың 06 тамызында ШЖҚ “Павлодар ауданының емханасы»  КМК Чернорецк ауылы дәрігерлік амбулаториясының жас маманы, дәрігері, учаскелік педиатры Омаров Мағжан Болатұлы дүниеден өтті.

Омаров Мағжан Болатұлы 1995 жылы 23 қарашада Павлодар қаласында дүниеге келген. 2020 жылы Семей қаласының мемлекеттік медицина университет «Жалпы медицина» мамандығы бойынша бітіріп, дәрігер-педиатр біліктілігін алған. Еңбек жолын 2020 жылдың шілде айында Чернорецк ауылының дәрігерлік амбулаториясында учаскелік дәрігер-педиатр болып бастады. Жолдасы — Тайғараева Әйгерім Қуантәліқызы да дәрігер, әлеуметтік демалысқа шыққанға дейін жолдасымен бір амбулаторияда жұмыс істеді.

Туған-туыстары үшін бұл қаншалықты қиын және орны толмас екенін бәріміз білеміз. Мағжан Болатұлы үлгілі ұл, жұбайы мен ұлы үшін тірек, демеу болды.

Учаскелік дәрігер-педиатр болып жұмыс істей отырып, ол кішігірім ұжымның жұмысын басқарды және қызметкерлермен жақсы қарым-қатынас орнатып, біліктілігін арттыруға тырысты және өз білімін пациенттерге көмек көрсету барысында сәтті қолдана білді.

Мағжан Болатұлы емхана ұжымының есінде жоғары мәдениетті, парасатты, әр емделушіге ықыласпен қараған дәрігер ретінде қалады. Ол керемет қасиеттерімен ерекшеленген еді: мейірімділік, өзіне деген талапшылдық, жауапкершілік және әріптестеріне деген ілтипат.

Барлық ұжым атынан Омаров Мағжан Болатұлының туған-туыстары мен жақындарына орны толмас қазаларына қайғырып көңіл айтамыз.

Алла алдынан жарылқасын, иманы өзіне серік, жаны жәннатта болсын!

РҚБ «Senim денсаулық сақтау қызметкерлерінің кәсіптік салалық одағы» Павлодар облыстық филиалы атынан Омаров Мағжан Болатұлының отбасына және туғандарына көңіл айтамыз. Қайғыңызға ортақпыз.