«Жасыл шырша жаңында» атты Жана жылдық мерекелік кеш!

26 желтоқсан күні «SENIM «Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ БҚО филиалының төрағасы М.К. Кусаиновтың қатысуымен  Облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің балалар бөлімінде ем алып жатқан балалары үшін жаңа жылдық шырша ұйымдастырылды. Барлығы 70 балалар қатысып, әр түрлі ертегілер мен мультфильмдерден персонажды киімдеріне, клоундар, ергежейлер киімдеріне киініп «Шырша жыры» әнің орындап, шыршаны қоршап айналды. Ақшақармен бірге балалар «Тосын сый» ойының ойнап,  Аяз атаға тақпақтарын айтты. Келген көрермендерге арнап Қара жорға, Грузин биі мен Шығыс билерін билеп, кеш жаңа жылдық көңіл күймен өтті. Аяз ата мен ақшақар балаларға ойыншықтар мен тәттілер жиынтығынан тұратын жаңа жылдық сыйлықтарын берді.

«SENIM «Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ БҚО филиалының төрағасы М.К. Кусаинов балаларды және ата-аналарын Жаңа жылмен құттықтап, сыйлықтар ұсынды.

Дереккөз