Жаңақала ауданындағы кездесу

Бүгін «SENIM» Батыс Қазақстан облыстық филиалының кәсіподақ төрағасы ҚР кәсіподақтар күніне орай жоспарланған жұмыс сапары аясында БҚО әкімдігі ДСБ «Жаңақала аудандық ауруханасы» ШЖҚ МКК және БҚО әкімдігі ДСБ » Ауданаралық сауықтыру ауруханасы оңалту орталығы » ШЖҚ МКК-да болды. Жұмыс сапары барысында еңбек ұжымдарымен кездесу өткізілді, бастауыш кәсіподақ ұйымдары төрағасының есептері тыңдалды, 2022 жылдың өткен кезеңінде атқарылған жұмыстар туралы есеп берілді, «SENIM» кәсіподағының басым бағыттары талқыланды.

Сондай-ақ, Батыс Қазақстан облыстық «SENIM» филиалының кәсіподақ төрағасы БҚО әкімдігі ДСБ ШЖҚ «Ауданаралық сауықтыру ауруханасы оңалту орталығы» МКК басшысы Коблан Рахметуллинович Бекеновке «SENIM үздігі» төсбелгісін табыстады.

Сонымен қатар, «SENIM» Батыс Қазақстан облыстық филиалының жыл сайынғы «Мектепке жол» акциясы аясында кәсіподақ мүшелерінің балаларына «АБДИ» ЖШС дүкендер желісінің номиналды құны 20 000 теңге сертификаттары берілді.

Сонымен қатар, еңбек ұжымымен кездесу кезінде Алғыс хат пен бағалы естелік сыйлықтар табыс етілді.