Жамбыл облыстық филиалы «Қазақстан Республикасының 2021 жылғы Еңбек кодексі» тақырыбында семинар өткізді

2021 жылдың 5-6 тамызында «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалы «»Қазақстан Республикасының 2021 жылғы Еңбек кодексі» және еңбек дауларын шешу әдісі ретіндегі келісім комиссиясы» тақырыбында кәсіподақ ұйымдарының барлық төрағаларының қатысуымен семинар өткізді. Оны Қазақстан — Халықаралық қаржы-экономикалық даму орталығының оқытушысы — Айтмағанбетова Шырын Әбдіғалиқызы жүргізді. Семинар нәтижесінде барлық қатысушылар жұмыс барысында қолдануға және кәсіби әрі қарай өсуге бағытталған бірқатар қажетті ақпарат пен нақты мәселелер бойынша практикалық кеңестер алды. Сондай-ақ, атқарылып отырған және алдағы уақытта атқарылар жұмыстар жоспары талқыланып, бұл бағытта нақты тарсырмалар берілді.