Ақжайық ауданындағы кездесу

13.10.2022 жылы «SENIM» Батыс Қазақстан облыстық филиалының кәсіподақ төрағасы ҚР кәсіподақтар күніне орай жоспарланған жұмыс сапары аясында БҚО әкімдігі ДСБ «Ақжайық аудандық ауруханасы» ШЖҚ МКК-да болды. Жұмыс сапары барысында еңбек ұжымдарымен кездесу өткізілді, бастауыш кәсіподақ ұйымдары төрағасының есептері тыңдалды, 2022 жылдың өткен кезеңінде атқарылған жұмыстар туралы есеп берілді, «SENIM» кәсіподағының басым бағыттары талқыланды.

Сонымен қатар, «SENIM» Батыс Қазақстан облыстық филиалының жыл сайынғы «Мектепке жол» акциясы аясында кәсіподақ мүшелерінің балаларына «АБДИ» ЖШС дүкендер желісінің номиналды құны 20 000 теңге сертификаттары берілді.

Сонымен қатар, еңбек ұжымымен кездесу кезінде Алғыс хаттарр табыс етілді.