Алғыс айту күніне орай Тұрсынкүл Әшірбаеваны құттықтау

Бүгін мен, Алғыс айту күніне орай, салада ұзақ жылдардан бері еңбек еткен, бүгінде бейнетінің зейнетін көріп жатқан, аймақ халқына танымал сала үздігі, үлкен алғысқа лайық облыстық денсаулық сақтау саласы ардагерлерінің төрайымы Тұрсынкүл Әшірбаеваны құттықтадым.

Өмірінің көп бөлігін денсаулық сақтау саласына, өскелең ұрпақ саулығына Тұрсынкүл Ілиясқызының салаға сіңірген еңбегі зор.

Қиын кездерде саланы басқарған кадр тапшылығы мәселесін шешу, аймақ халқы денсаулығын арттыру бағытында аянбай тер төккен ардагер.

Ардагер-дәрігердің салаға сіңірген еңбегіна алғысымды айтып, медицина кәсіподағы атынан барынша ризашылық сезімдерін жақсы сөздермен жеткізуге тырыстым.