Қазақстан Республикасының кәсіподақтар күні

2022 жылдың 06 қазанында Тараз қаласының Шерхан Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығында Жамбыл облысы кәсіподақтар бірлестігінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Кәсіподақтары күні мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті. Осы мерекелік жиынға Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ерболат Ибрайханов, облыстық Мәслихаттың аппарат басшысы Рүстем Қасымов, облыстық Еңбек инспекциясы басқармысының басшысы Жарылқасын Айтақов және облыстық салалық кәсіподақ ұйымдарының жетекшілері және кәсіподақ мүшелері қатысты.

Салтанатты жиында «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы»РҚБ-ің Жамбыл облыстық филиалы бастауышкәсіподақ ұйымдарының белсенді өкілдері Жамбыл облысы әкімінің, Жамбыл облысы Мәслихатының, Еңбек инспекциясы басқармысының, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының жәнеЖамбыл облысы кәсіподақтар бірлестігінің алғыс хаттарымен және құрмет грамоталарыменмарапатталды.

Атап айтқанда, Жамбыл облыстық жедел жәрдем станциясының фельдшері Афанасьев Вячеслав Юрьевич — Облыс әкімінің Алғыс хатымен, Жамбыл облыстық жедел жәрдем станциясының фельдшері Балгабаева Фируза Джайлаубековна — Жамбыл облысының құрмет грамотасымен, Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының инженер — программисті Хромов Николай Николаевич — Қазақстан Республикасының кәсіподақтар федерациясының Алғыс хатымен, Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығы 4-ші психиатриялық бөлімшесінің палаталық санитары Усипбекова Тамила Адилбековна — Жамбыл облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің Құрмет грамотасымен, Талас аудандық орталық ауруханасының статистика және телемедицина бөлімінің операторы, спорт секторы жөніндегі бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымыАбитаева Айман Майтановна — Жамбыл облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.