Облыстық семинар өтті

2024 жылдың 29 сәуірінде «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ-нің Жамбыл облыстық филиалы «Келісу комиссиясы, ұжымдық келіссөздер мен ұжымдық шарт» тақырыбында филиалдың бастауыш кәсіподақ ұйымдары төрағаларының қатысуымен облыстық семинар өткізді.

Семинарға спикер ретінде – ҚР КФ зангері, еңбек құқығы, кадр және HR бойынша сарапшы Садыкова Мадина Эдуартовна шақырылды.
Семинардың мақсаты- бастауыш кәсіподақ ұйымдары төрағаларының кәсіби дағдыларын арттыру, кәсіподақ мүшелерінің еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау.

Семинар қорытындысы бойынша барлық қатысушылар оқыту туралы атаулы сертификаттарға ие болып, одан әрі кәсіби өсу және жұмыста қолдану үшін қажетті ақпарат пен практикалық кеңестер алды.