Бүгін — Халықаралық неврологтар күні

Неврологтардың айрықша еңбегінің арқасында пациенттің денсаулығы қалпына келіп қана қоймай, оның көңіл-күйі де жоғарылайды екен. Өйткені неврологиялық патологиялардың дені мүгедектіктің дамуына әкеліп соғуы мүмкін. Онымен ауыратын науқастарға аталмыш дерт психологиялық тұрғыда қатты әсер етеді. Жалпы, статистика бойынша бүгінде неврологиялық науқастардың саны артқандығы байқалуда. Бұл, әрине, қазіргі жылдам өмірдің ағымына, әлеуметтік және өндірістік ортадан туындаған стресстерге және экологиялық факторларға байланысты болса керек.

Неврологтардың кәсіптік мерекесі күні мен пациенттерінің неврологиялық жағдайын бақылауда ұстап, дұрыс диагноз қойып, тиісті терапия жүргізіп, мыңдаған адамдардың өміріне қуаныш сыйлайтын барлық невролог мамандарды құттықтағым келеді! Дендеріңізге саулық, жұмыстарыңызға табыстар, істеріңізге береке тілеймін. Отбасыларыңыз аман, кәсіптеріңіз жемісті болсын! Елге жасап жатқан еңбектеріңіз еселене берсін!