Бүгін Халықаралық педиатр дәрігерлер күні

Педиатр күнін атап өту Дүниежүзілік балалар күнін мерекелеумен тығыз байланысты. БҰҰ-ның ұсынымдарына сүйене отырып, осы ұйымға қатысушы елдердің көпшілігі БҰҰ-ның Бала құқықтары декларациясын қабылдаған күніне орайластырып, Дүниежүзілік бала күнін мерекелеуді ұйымдастырды.

Бүкіл әлемде балалардың әл — ауқатын қамтамасыз етуге бағытталған бұл мереке көптеген елдерде олар дүниеге келген сәттен бастап балалардың денсаулығын қорғауға арналған педиатр-дәрігер күнімен бір уақытта атап өтіле бастады. Барлық медициналық мамандықтардың ішінде бірінші кезекте баланың денсаулығын қорғайтын — педиатрия. Сондықтан әлемнің көптеген елдерінде екі мереке де бір-бірімен байланысты.

Мен өңірдегі барлық педиатр-дәрігерлерді кәсіптік мерекесімен құттықтай отырып, дендеріне саулық, амандық, табыс пен бақыт тілеймін.

Еңбектерінің жемісін көріп, кәсіптері бақыт әкелсін! Балалар амандығы — ұлт амандығы. Ұлтымыз сау, отбасымыз аман, еліміз тыныш болсын!