Бүгін Республика күні Ұлттық мерекесі қарсаңында Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жанар Оспановамен бірге сала ардагерлерімен кездестім.

Кездесу барысында сала жұмысын дамыту мен ұлт саулығын қалыптастыру бағытына үлес қосып, өзіндік игі ықпалдарын әлі де тигізу мақсатында пікірлерін білдірген сала ардагерлерінің әрқайсысы өзінің бай тәжірибесімін кейінгі ұрпақпен бөлісуге қарсы еместігін айтты. Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жанар Оспанова олардың айтар ұсынысын мұқият тыңдап, қашан да қолдайтынын, қажет жағдайда барынша көмек көрсететінін және олардың биік тәжірибелерін жұмыс барысына пайдалануға ықылас танытқандарына ризашылығын білдірді.

Ардагерлерді “Primary Health Care» Ұлттық Қауымдастығының Президенті
Рахыпбеков Толебай Косиябекұлы және “Primary Health Care» Ұлттық Қауымдастығының Басқару төрайымы Абзалова Роза Абзалқызы онлайн жүздесіп, жылы лебіз білдірді.

Сондай-ақ, алдағы уақытта сала ардагерлерінен “Ақылмандар кеңесін” құру туралы айтып, арнайы жоба құрылымымен таныстырды.

Кездесу соңында медицина саласының ардагерлерін Республика күнімен тағы да құттықтап, оларға естелік сыйлық ұсындық.