Елемесова Балзира Имангалиқызы — жоғарғы санатты мейірбике маманы

«Senім» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы Республикалық қоғамдық бірлестігінің Атырау облыстық филиалы, Атырау облыстық фтизиопульмонология орталығының бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшесі Елемесова Балзира Имангалиқызы — жоғарғы санатты мейірбике маманы. Атырау облыстық фтизиопульмонология орталығында 40 жылдай талмай еңбек етіп, өзінің алған тәжірибелерімен кейінгі жас мамандармен бөлісіп келеді. 1981-1984 жылдары Облыстық туберкулезге қарсы күресу диспансерінің хирургия бөлімінде тазалықшы міндетін атқарып бастаған.

1984 жылы Гурьев облыстық медициналық училищесін бітіріп, урогенетальдық бөліміне кезекші емшібике жұмысына қабылданды. 1990 таңу бөлімінің емшібикесі. 1998-2019 жж. аралығында, 20 жылдан астам уақыт, «өкпеден тыс аурулар» бөлімшесінде аға мейірбике міндетін атқарды.

2019 жылдан бастап бөлімшенің жабылуына байланысты, II өкпе терапия бөлімінің егу емшібикесі жұмысын атқарып келеді. Жұмысына адал, алдына қойған талаптарды мүлтіксіз орындап, дәрігерлердің «оң қолы» болып келеді.

Талай науқастардың алғысына бөленіп, бірнеше рет алғысқа ие болған. Ұжымдастар арасында да беделі жоғары. Кәсіподақ ұйымының белсенді мүшесі. 1984-2019 жж. аралығында түрлі деңгейдегі алғыс хаттар мен мадақтау қағаздарына ие болды. 2020 жылы Атырау облыстық мәслихатының алғыс хатымен, 2020 жылы ҚР Денсаулық сақтау Министрінің «Құрмет Грамотасымен» марапатталды.