Жыл сайын 14 маусымда Дүниежүзілік қан доноры күні (World Blood Donor Day) атап өтіледі.

2005 жылғы мамырда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясы кезінде әлем елдерінің денсаулық сақтау министрлері ерікті қан донорлығына бейінділік пен қолдау көрсету туралы мәлімдемені бірауыздан қабылдап, WHA58.13 бойынша жыл сайын 14 маусымда Дүниежүзілік қан доноры күнін өткізуге шешім қабылдаған. Аустриялық дәрігер және иммунолог, адамның қан топтарын ашқан Нобель сыйлығының лауреаты — Карл Ландштейнердің (1868-1943) туған күніне орай осы күнді ерекше атап өту — осы есіммен байланысты.

Жалпы, Дүниежүзілік қан доноры күні – ерікті түрде қан тапсырушы донорлардың құрметіне атап өтілетін ерекше күн. Оның мақсаты – қауіпсіз қан мен оның өнімдерінің қажеттілігі туралы хабардарлықты арттыру және әрине, адам өмірін сақтау үшін өз қанын ерікті түрде және ақысыз қан тапсырушы донорларға алғыс айту.

“SENIM» Денсаулық сақтау жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы”РҚБ Жамбыл облыстық филиалы Дүниежүзілік қан доноры күнімен және адамзатқа деген махаббат мерекесімен барлық тұрғындарды құттықтайды!