Кәсіподақ қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға бағытталған кезекті оқыту семинары өткізілді.

2021 жылдың 23 маусымында Zoom платформасында Батыс Қазақстан облыстық Кәсіподақтар орталығының қолдауымен «SENIM «Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ БҚОФ кәсіподақ мүшелерінің белсенді қатысуымен Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының ұйымдастыруымен кезекті оқыту семинары өтті.

Ағымдағы жылдың 14 маусымында ҚР Кәсіподақтар Федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин аумақтық кәсіподақтар бірлестіктерінің төрағаларымен онлайн-кездесу өткізді. Осы отырыста кәсіподақ төрағасы кәсіподақ жұмысын одан әрі жетілдіру, еңбек адамының мүдделері мен беделін жан-жақты қорғау, кәсіподақ мүшелерінің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында бірқатар тапсырмалар берді.
Онлайн оқыту семинарына өңірден 40-тан астам кәсіподақ мүшелері қатысты.

Онлайн-семинардың спикерлері кәсіподақ қозғалысының белсенді, білікті, тәжірибелі мамандары болды. Қызылорда облыстық аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің бас маманы Майра Боранбаева қатысушылармен «Кәсіптік одақтар туралы» ҚР Заңы аясында «Кәсіподақтар қызметінің негізгі қағидаттары және еңбек қатынастарын реттеу практикасы» тақырыбында құқықтық ақпаратпен бөлісті.

Сондай-ақ, ҚР Кәсіподақтар Федерациясының ұйымдастыру және бақылау жұмысы департаменті директорының орынбасары Ләззат Есжанова «ҚР еңбек заңнамасын қолдану тәжірибесі» тақырыбында, Солтүстік Қазақстан облыстық Кәсіподақтар орталығының заңгері Людмила Голенкова «Еңбек даулары мен жанжалдарының алдын алу және шешу. Келісім комиссиясының жұмысын ұйымдастыру».

Оқыту соңында ҚРКФ төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешев кәсіподақ мүшелерін кәсіби біліктілігін, құқықтық сауаттылығын арттыруға шақырды, сондай-ақ бұл оқыту екі аптаға созылғанын және кәсіподақтың 1000-нан астам бастауыш мүшелерін ақпараттандыруға бағытталғанын еске салды.