Марапатқа лайық — дәрігерлер

Республика күні Ұлттық мерекесі қарсаңында Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жанар Оспанова медицина қызметкерлерінің тобына ведомстволық наградалар табыс етті.

Жамбыл дәрігерлері ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Еңбек ардагері» медальдарымен, ҚР ДСМ «Денсаулық сақтауды дамытуға қосқан үлесі үшін» және «Денсаулық сақтау үздігі» төсбелгілерімен, ҚР Денсаулық сақтау министрінің “Құрмет грамоталарымен” және “Алғыс хаттарымен,”, «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен, Жамбыл облысы әкімінің Құрмет грамоталарымен және “Алғыс хаттарымен”, сондай-ақ Жамбыл облысы әкімінің “Алғыс хаттарымен” “SENIM” Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Жамбыл облыстық филиалының марапаттарымен наградталды.

Филиал төрайымы Момбекова Гүлмайра Асанқызы марапатталушыларды құттықтап, “Меркі-Родон” шипажайына жолдама берді.

Салтанатты шара мерекелік концерттік бағдарламамен аяқталды.