«Еңбек қатынастарындағы Медиация»

2018 жылдың 6-7 қараша күндері, Қазақстан кәсіподақтары федерациясының ұйымдастыруымен «Еңбек қатынастарындағы Медиация» атты семинар-кеңесі өтті. Іс-шара Қазақстан мен Өзбекстанда Ф. Эберт қорының қолдауымен өткізілді. Семинарда еңбек заңнамасы, еңбек қатынастарындағы кәсіподақтардың рөлі, еңбек дауларын шешуде медиацияны қолдану және кәсіподақтардың медиацияның шетелдік тәжірибесін зерделеуі мәселелері талқыланды. Семинар-кеңес жұмысына ҚР Парламентінің депутаттары, ҚР Жоғарғы Сотының, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері және кәсіподақ ұйымдарының төрағалары, сондай-ақ медиация бойынша мамандар қатысты. Аталған семинар- тренингке «SENIM «Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы М.К. Кусаинов  қатысып,  семинар-тренингі жұмысына қатысканы үшін сертификат алды.