Медицина саласы қызығы мен қиындығы қатар жүретін, төзімділікті, жігерлікті, жауапкершілікті талап ететін сала.

Медицинада науқастың денсаулығына дәрігерден кем жауап бермейтін орта буын қызметкер – мейірбике екенін бәріміз де білеміз. Иә, емнің дұрыс нәтиже беруі – мед­бикенің көрсетілген ем-домды сауатты да, қалтқысыз орын­дауында ғана емес, жаны қиналып жатқан науқаспен күндіз-түні бірге болып, жиі қарым-қатынас жасап, олардың көңіл-күйіне әсер ететін жанкешті еңбегіне де тікелей байланысты.

Осы салада еңбек етіп жүрген ЖШС “Медикер Жайық” Qamqor QP2 филиалы мейірбикесі Сапар Светлана Шамұратқызы.

Сапар Светлана Шамұратқызы, 1961 жылы Новобогат ауданы Тұщықұдық ауылында Кулагино селосында дүниеге келген. Жамбыл орта мектебінде оқып, аяқтаған. 1977 жылы Гурьев медициналық колледжіне оқуға медсестра бөліміне түсіп, 1979 жылы тәмамдаған. Еңбек жолын Индер аудандық ауруханасының Кулагино участкелік аурухасында 1989 жылға дейін еңбек еткен. 1989 жылы Маңғыстау облысында облыстық балалар ауруханасында, қалалық емханаларда мейірбике болып 1999 жылға дейін жасаған. 1999 жылы Атырау облыстық балалар ауруханасында 2007 жылға дейін жасаған. 2007 жылдан бастап осы күнге дейін физио кабинетте мейірбике қызметін атқарып келеді. 2018 жылы Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының “Алғыс хатын”, 2020 жылы Медикер Жайықтың 20 жылдық “Алғыс хаты” марапатталған.