Есказиева Гулляйлан Тасмухамбетовна — КДО бөлімінің профпатолог дәрігері.

Есказиева Г.Т — Гурьев қаласында 08 желтоқсан 1960 жылы дүниеге келді.

1985 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтың бітіріп, Гурьев облысы облыстық ауруханасында терапия мамандығы бойынша интернатураны 1986 жылы бітірген.

06.08.1986 ж. №1 Атырау қалалық емханаға жұмысқа орналасты учаскелік терапевт мамандығы бойынша. 2012 жылы кәсіби патология (еңбек медицинасы) мамандығы бойынша 864 сағаттық қайта даярлықтан өтті. Осы жылдан бері дәрігер профпатолог мамандығы бойынша жұмыс жасап жүр. Бірінші санатты терапевт дәрігер.

Еңбекте үлкен тәжірибе жинақтаған, талап қоя біледі. Ұжымда және науқастар арасында үлкен беделге ие. Осы еңбек еткен жылдарында бірнеше рет емхананың кәсіподақ және әкімшілік тарапынан «Құрмет грамотасы» мен марапатталды.