Бисенбі Әлия Зиноллақызы — Атырау қалалық #1 емхананың әйелдерге кеңес беру бөлімшесінің аға акушері.

Бисенбі Ә.З — 1959 жылы қаңтардың 20 жұлдызында Атырау облысы, Новобогат ауданында дүниеге келді. 1976 жылы Гурьев медицина колледжінің акушерка мамандығына түсіп, 1979 жылы бітіріп шықты. Еңбек жолын 1979 жылы Ембі ауданы, Құлсары ауданында емхананың хирургия бөлімшесінде бастады. 1983 жылы Атырау облыстық перзентханасының әйелдерге кеңес беру бөлімінде учаскелік акушерка болып жасады. 1988 жылдан бастап осы мерзімге дейін #1 қалалық емханада әйелдерге кеңес беру бөлімшесінің аға акушер қызметін атқарады. Жоғары санатты акушер. Осы емханада еңбек жолында бірнеше рет қалалық және облыстық денсаулық сақтау департаментінің мақтау грамотасымен марапатталды.