Утеуова Мәриәм Малбағарқызы — Атырау қалалық 1 емханасының клинико- диагностикалық бөлімшесінің меңгерушісі.

Утеуова М.М — 1956 жылы қарашаның 22 жұлдызында Қызылорда облысы, Қазалы ауданында дүниеге келді. 1980 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтының емдеу ісі факультетін бітірген. Бір жылдық интернатураны терапия мамандығы бойынша Атырау облыстық ауруханада өтіп, 1981 жылдан бері осы мерзімге дейін #1 қалалық емханасында қызмет етіп жүр. 1981 -1989 жылдары аралығында учаскелік терапевт, 1990-1999 жылдары терапия бөлімінің меңгерушісі, 1999-2001 жылдары денсаулық сақтау саласында болған реформаларға байланысты ашылған #3 жанұялық дәрігерлік амбулаториясында аға дәрігер болды. #3 ЖДА-ның #1 қалалық емханаға қосылуына байланысты 2001 жылдан осы мезгілге дейін #1 қалалық емханада терапия қызметінің меңгерушісі, бас дәрігердің орынбасары болып жасады. Қазіргі таңда осы емхананың клинико- диагностикалық бөлімшесінің меңгерушісі. Осы дәрігерлік еңбек жолында бірнеше рет қалалық және облыстық денсаулық сақтау департаментінің мақтау грамотасымен, Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 3 желтоқсандағы жарлығы бойынша “ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл” медалімен, жетекші кәсіпорынды тиімді басқарғаны және ел экономикасының дамуына қосқан жеке үлесі үшін “Decusoeconomicae” орденімен 27 желтоқсан 2016 жылы марапатталды.