Нағима Кушеғалиқызының қайтыс болуына байланысты көңіл айту

Атырау облысының медицина қауымдастығы, облыстық денсаулық сақтау басқармасы және «Senim» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподағы РҚБ Атырау облыстық филиалы 2020-2023 жылдары облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысы қызметін атқарған Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы, медицина ғылымдарының кандидаты әріптесіміз Асхан Мархабайұлы Байдувалиевке аяулы анасы Нағима Кушеғалиқызының қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.

Әріптесіміз Асхан Мархабайұлына және оның бауырлары мен тума-туысқандарына Алла Тағала сабыр берсін. Анасының жатқан жері жайлы, топырағы торқа, жаны жәннатта болсын.

Атырау облыстық филиалы