Наурыз мейрамы-көктем мерекесі!

Наурыз мерекесі қарсаңында «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ-нің Жамбыл облыстық филиалыбастауыш кәсіподақ ұйымдарымен бірлесіп Наурыз мерекесіне орай салтанатты іс-шаралар өткізді. Бастауыш кәсіподақ ұйымдарында қазақ халқыныңтарихына, салт-дәстүріне арналған мерекелік концерттер мен ойын-сауық бағдарламалары ұйымдастырылды. Сондай-ақ, театрландырылған көріністер, ұлттық ойындар мен спорттық шаралар өткізіліп, барлық бастауыш ұйымдарда ұлттық тағамдардан жасалған дәстүрлі дастархандар жайылды.

Ерекше көзге түскен кәсіподақ мүшелері Жамбыл облысының кәсіподақ қозғалысын дамытуға қосқан үлесі мен белсенді еңбегі үшін «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ-нің және Жамбыл облыстық филиалы атынан төс белгілерімен, Құрмет грамоталары және Алғыс хаттарымен салтанатты түрде марапатталды.

«SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ-нің Жамбыл облыстық филиалы Сіздерді Ұлыстың Ұлы күнімен шын жүректен құттықтайды. Ұлтымыздың мерейін өсіріп, бар болмысымызды айшықтайтын қасиетті – Наурыз мерекесі елімізге, әрбір отбасына бірлік пен қуаныш, құт-береке, бақыт пен молшылық әкелсін!