Ақтөбе облысының денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің арасында1 мамыр Қазақстан Халықтарының Бірлігі күніне ұйымдастырған «Менің Қазақстаным» атты облыстық байқауы 2022 жыл 5 мамыр Достық үйінде өтті

2022 жылдың 5 мамыр күні  Достық үйіндеАқтөбе облысының денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің арасында 1 мамыр Қазақстан Халықтарының Бірлігі күніне ұйымдастырған «Менің Қазақстаным» атты облыстық байқауы өтті. Аталған шараның ұйымдастырушылары – Облыстық денсаулық сақтау басқармасы, «Senim» денсаулық  сақтау жүйесі қызметкерлердің кәсіптік одағы және облыстық дәрігерлер мен провизорлар Ассоциациясы, облыстық  денсаулық сақтау саласы ардагерлер кеңесінің қолдауымен өткізіледі.

Байқаудың мақсаты:

  • Облыстың денсаулық сақтау мекемелері мен ұйымдарының   қызметкерлері арасында Шәмші Қалдаяқов әндерінің үздік орындаушысын  анықтау.
  • Медицина қызметкерлері арасында, тәуелсіздікке, отанға, туған жерге, ана тілімізге арналған қазақы музыкалық әуендерді насихаттау,оған қызығушылығын ояту, ұлттық сезімді қалыптастыру.
  • Орындаушыларды қалың жұртшылыққа таныстыру, оларға қолдау көрсету.

Байқауға қалалық және аудандық медиициналық мекемелерден 42 қызметкерлері (дәрігерлер, мейібикелер, сестра-хозяйка, санитарлар мен жүргізушілер)қатысып, сынға түсті. Қатысушы байқау кезінде, композитордың шығармасын, жанды дауыспен қажетті  музыкалық аспаптар сүйемелдеуімен орындады.

Байқаудың әділ қазылар алқасының құрамы: облыстық әкімиятты, Ақтөбе облысы  тілдерді дамыту басқармасы, облыстық филармония, Ақтөбе облысы ішкі саясат басқармасы, «SENIM»денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық  кәсіптік  одағы РҚБ Ақтөбе облыстық  филиалыныңсарапшылары бағалады.

Байқау жеңімпаздары  мен қатысушылар «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ-нің, «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық  кәсіптік  одағы РҚБ Ақтөбе облыстық  филиалының және облыстық дәрігерлер мен провизорлар Ассоциациясының   алғыс хаттарымен, дипломдарымен, ақшалай Сертификаттармен, бағалы сыйлықтарымен марапатталды.