Облыстық жедел медициналық көмек көрсету станциясында «Армысың әз Наурыз» атты мерекелік шара өтті.

Әр қосалқы станциялар Болгар, Корей, Неміс, Қазақ, Сыған, Башқұрт ,Моңғол т.б ұлттарға бөлініп, ол елдің тарихын, ұлттық киімін, ұлттық тағамын және салтын жарыса көрсетті. Болгариядан келген 2 қосалқы станциясы «Ванга» ханымға болжам жасатып қонақтарды біраз таң қалдырды. Теміртау қосалқы станциясынан келген «Қырым сығандары» сыған салтымен қыздарын ұзатып соңында би билеп залды бір дүр сілкіндірді.Ал «Моңғол» халқын таныстырған оперативтік бөлімінің қыздары, Моңғол халқының Қазақ халқымен дәстүрі,ас мәзірі тіпті ұлттық киімінде де көп ұқсастық бар екендігін айта кетті. Әр ұлт өкілдері ерекше өнерлерімен ,келген қонақтарды керемет әсерге бөледі. Сонымен қатар қол күрес, гирь көтеруден де күштерін сынаған азаматтар да аз болмады.Соның ішінде 2қосалқы станциясының фельдшері Уалихан Бейсабаев ауыр гирьды бір қолымен 70 реттен аса көтеріп бас жүлдені иеленсе, 1 қосалқы станциясынын дәрігері Иса Ермекбаев қол күрестен алдына жан салмай бас жүлдені жеңіп алды.Кеш соңында,кәсіподақ төрайымы: менің мақсатым сіздерді ұлтқа бөліп арамызға іріткі салу емес. Керісінше, қазақ халқының пейілінің, жүрегінің кеңдігін,көп ұлтты екендігін көрсету деп сөзін түйіндеп, бағалы сыйлықтарын табыстады. «Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын». Шығыстың жаңа жылы құт береке әкелсін кұрметті әріптестер!!!