Латын әліпбиіне көшу – рухани жаңғыру талабы.

Президенттің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 637 Жарлығымен және Премьер-министрдің 2018 жылғы 13 наурыздағы № 27 үкімімен «Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең- кезеңмен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспары» бекітілген.

Премьер-министр жаңа емле ережесі туралы жалпы халықты құлақтандырып, жұмысты жандандыру туралы тапсырма берді. Соған сәйкес, латын негізді қазақ тілі әліпбиін игеру мен меңгеру тұрғысында республика бойынша жалпыхалықтық диктант өткізу көзделді. 14 қараша күні республика бойынша «Жалпыхалықтық диктант» өтті.  Облысымызда барлық денсаулық сақтау саласындағы мекемелерінде  SENIM”  «Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестіктерімен бірге ұйымдастырылған «Рухани жаңғыру» тақырыбында диктант жазылды.