Меморандумға қол қойылды

Бүгін 2022 жылғы 06 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы жариялаған «2022 жыл – Әлеуметтік әріптестік» аясында бұрын-соңды болмаған маңызды оқиға өтті – Батыс Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасы, «Senim «Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазақстан облыстық филиалы және Қазақстан Республикасындағы Қазақстанның жалғыз құрметті кәсіби медиаторы Шатикова Зуря Ахметовна арасында өзара ынтымақтастық туралы үшжақты меморандумға қол қойылды.

Меморандумның мақсаты «Senim «Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазақстан облыстық филиалының құрамына кіретін Батыс Қазақстан облысының медициналық ұйымдары кәсіподағының мүшелерін қолдау және дауларды, жанжалдарды сотқа дейінгі, соттан тыс реттеу және сотта реттеу институттарын жан-жақты дамыту және белсенді енгізу бойынша өзара ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жасау болып табылады.

Сонымен қатар, «Senim «Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазақстан облыстық филиалының құрамына кіретін Батыс Қазақстан облысының медициналық ұйымдары кәсіподағының мүшелеріне медиатордың көмегі өтеусіз негізде көрсетілетінін Меморандумның өте маңызды шарты атап өткім келеді, бұл бағытта «SENIM» БҚОФ медиация рәсімін ілгерілетуде жемісті жұмыс жүргізді және соның салдарынан Қазақстанның құрметті кәсіби медиаторы Зуря Ахметовна Шатикованың тарапынан жоғары сенім.