ҚР Тәуелсіздік күніне орай волейболдан аймақтық, облыстық турнир өтті

2022 жылы 10 желтоқсанда медициналық ұйымдар арасында ҚР Тәуелсіздік күніне орай волейболдан аймақтық, облыстық турнир өтті.

Ойынның аяқталу қорытындысы бойынша турнир жеңімпаздары: Атырау облысынан келген қонақтарымыз, Атырау облыстық ауруханасының командасы 1 орынды иеленді, 80 000 теңгеге ақшалай сертификат.

2 орынды БҚО облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының командасы иеленді, 50 000 теңгеге ақшалай сертификат.

Турнирде үшінші болып Тасқала аудандық ауруханасының командасы 30 000 теңгеге ақшалай сертификат алды.

Үздік ойыншы Адайбай Оралхан, Үздік тосқауыл қоюшы Халелов Ерназар, Үздік байланыстырушы Қасымов Ақжол және Үздік шабуылшы Өтеғалиев Надир болып танылды. Үздік командалармен ойыншыларға дипломдармен бағалы сыйлықтар табысталды.

Турнир жеңімпаздарын құттықтаймыз!